14.04.2024, 23:27
Оқылды: 31

Ақпәтерлік ағайындар да қалаға көмекке келді 

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары көктемгі су тасқынынан әлі де құтылар емес. Тасқын кезінде етігімен су кешкен ерлеріміз тілсіз жауға тосқауыл қою үшін алдыңғы шептен табылып, жан жақтан көмекке ағылуда.

IMG-20240414-WA0054

- Жайық, Шаған, Деркөл өзендеріне Ресей жағынан су мол келуде. Әлі де болса елді мекендерді су басу қаупі сақталып тұр.

Осындай қиын сәтте күш біріктіріп, қимылдауымыз керек қой. Сондықтан сын сағатта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарғанға жететін ештеңе жоқ. Біз, Казталов ауданы Ақпәтер ауылының бір топ жігіттері болып, өз еріктерімізбен Орал қаласына көмекке келдік. Халқымыз қиын-қыстау заманда да ішкі бірлігі мен сабырынан айырылмаған ел болды. Көктем келгенде тасқынның дүрбелеңі басталып, елде тосын жағдай орын алуда. Осындай күрделі кезеңде ауылдан келген еріктілер көп көмегін тигізіп, елдің бірлігін арттырып жатыр. Солардың қатарында шалғай ауылдан арнайы келген елуге жуық ақпәтерліктер де бар, - дейді ауыл әкімі Төлеген Максимұлы.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале