28.01.2025, 16:00
Оқылды: 77

Ақсайда қала әкімі сайланады

Жақында аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов Ақсай қаласы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу Қызылтал клубында, №3, №1 және №8 ЖОББ мектептерінде ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі мәселе Ақсай қаласы әкімі лауазымының мерзімі аяқталуына байланысты сайлау өтетіні туралы хабарлау.

қала әкімі сайлау (1) (1)

  • Қазіргі уақыттағы Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов 4 жыл бұрынғы заң талаптарына сәйкес аудандық мәслихат депутаттарының шешімімен сайланды. Мемлекеттік саясатта біраз реформалардың орын алуына байланысты 2021 жылдан бастап әкімдерді халық өзі сайлайтын болып шешілді. Биыл алғаш рет Ақсай қаласы әкімінің лауазымына халық әкімді өздері сайлайтын болады. Ақсай қаласы әкімі лауазымының мерзімі аяқталуына байланысты 22 қаңтар күнгі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №1 қаулысына сәйкес, наурыздың екісі күні сайлау өткізіледі, - деді аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы.

Бекітілген күнтізбеге сәйкес аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, халық арасында сайлауға түсуге лайықты деген азаматтар бар болса, өз кандидатураларын ұсыну керектігі туралы айтып өтті. Тұрғындар өз үміткерлерін 4 ақпанға дейін ұсына алады. Алдағы уақытта сайлауға қатысуға өтініш берген әр тұлға өзінің сайлауалды бағдарламасын жасап, тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

қала әкімі сайлау (2) (1)

Ақсай қаласында тұратын 42687 тұрғынның 27539-ы сайлауға қатысуға құқылы. Биылғы жылы ауданымызда Ақсай қаласынан бөлек, Пугачев, Бөрлі, Ақсу, Қарағанды, Қарақұдық, Қанай және Кеңтүбек ауылдық округтерінде де сайлау өткізіледі.

 

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале