16.08.2017, 11:41
Оқылды: 45

Ақсай қаласында үш жұмысшы топырақ астында қалды

Ақсай қаласында су құбырын ауыстыру кезінде үш метр тереңдікте қазылған шұңқырдың бір жағы құлап кетіп, үш жұмысшы үйінді астында қалған. Жұмысшыларды құтқару дер кезінде қолға алынғанымен бір жұмысшы оқиға орнында қаза тауып, екі адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.


Қаладағы су құбырын ауыстыру жұмыстарын «Ақсайжылуқуат» мекемесі қолға алған. Көп жылдан бері жер астында жатқан құбырларды ауыстыру қала тұрғындарын ауыз су мәселесін шешудің бірден бір жолы еді.  Алайда қаладағы Совет көшесі бойында жасалған құрылыс жұмыстарында оқыс оқиға тіркеліп отыр.

Жарақат алған екі жұмысшының бірі 1962 жылы туса, екіншісі  1971 жылы дүнеге келген. Олардың екеуі де кеше түнгі сағат 23.30 шамасында облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Облыстық клиникалық ауруханасы бастығының емдеу бойынша орынбасары Құттымұрат Жақсығалиевтың айтуынша, бір жұмысшының он жақ маңдай сүйегі мен бас сүйегіне зақым келіп, иығы сынған. Ал екінші жұмысшы травматология бөліміне түсіп, төрт сол жақ қабырғасы сынған. Екеуінің де жағдайы ауыр, бірақ бір қалыпты деп бағаланады. Екеуі де есін біледі, сөйлей алады.

Қаза тапқан жұмысшы 1971 жылы туған, Ақсай қаласының тұрғыны. «Ақсайжылуқуат» мекемесінде екі жылдан астам уақыт бойы темір ұстасы болып келген. Үйленбеген.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале