Бүгін 15 наурыз елімізде республикалық референдум басталды. Референдумда “Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?” мәселесіне қатысты сұрақ көтерілді.

Бөрлі ауданы бойынша 33 референдум учаскесі бар. Олардың 14-і Ақсай қаласында, ал қалған 19 учаске ауданымызға қарасты ауылдарда орналасқан. Барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.
Қызылтал ауылдық клубында орналасқан №91 референдум учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен бастады.

Аталған учаскеде барлығы 2624 тұрғын тіркелген. Олардың екеуі “Алтын алқа” иегері, 2 туған күн иесі, бір “Алтын той” иелері және 20 алғаш рет дауыс берушілер мен 9 үйден дауыс беретіндер.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы