Ақсай қаласындағы №3 ЖОББМ-те орналасқан №77 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды өтуде. Аталған учаскеде барлығы 1932 тұрғын тіркелген. Тіркелгендер арасында туған күнін сайлаумен бірге атап өтіп жатқан 5 азамат және алғаш рет дауыс беретін 17 тұрғын бар.

Сонымен қатар аталған учаскеде денсаулығына немесе басқа да себептерге байланысты үйден дауыс беретін 2 тұрғын тіркелген. Сайлау учаскесінде «Ауыл», «Ақ жол», «Әділет» партиялары мен «Ақсай-Қамқор» қоғамдық бірлестігінің байқаушылары жұмыс істеуде.
№77 сайлау учаскесіне Айжұлдыз Халиоллиева мен Азима Сұлтанбекова келіп, алғаш рет өз таңдауларын жасады. Жас сайлаушыларға комиссия төрағасы арнайы сыйлық табыстады.
Алғаш рет дауыс берген Айжұлдыз бен Азима үшін бұл күн ерекше есте қалмақ. Олар өз таңдауын жасау арқылы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға алғаш рет қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы