Бөрлі ауданында тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары толығымен іске асып жатыр. Мемлекеттің қолдауымен орындалып жатқан шаруалар да аз емес.
Мәселен бүгін шаһардағы Ғ.Жәңгіров атындағы саябақта бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесі көңіл қуантады. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы ортақ келісімге сай тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасты.
Ауданда бүгінде кең сұранысқа ие мамандықтар қатарында азпазшылар, іс жүргізушілер, дәнекерлеушілер, электр жөндеушілер, автокөлік жүргізушілер, жұмысшылар тұр. Жалпы ауданда жұмыссыздықты жою бағытында нақты істер қолға алынды. Мәселен, өткен жылы жұмыс сұрап келген 2933 тұрғынның 1009-і тұрақты еңбекпен қамтылды.
Ауданда жұмыссыздықты жою бойынша қолға алынған шаралардың нәтижесі көңіл қуантады. Биылғы жылы жұмыссыз жүрген 906 жұмыссыз тіркеліп, соның ішінде тұрақты жұмысқа -276, ал уақытша жұмыс орындарына-194 адам еңбекпен қамтылды. Бұған қоса жүйелі өткізілетін бос орындар жәрмеңкесі де өзекті мәселені шешуге үлес қосуда. Биылғы жылы бірінші рет өткізіліп отырған жәрмеңкеге 25 мекеме, кәсіпорын қатысып, 103-ке жуық бос орынды ұсынды.
Айым Нұрғаиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz