18.05.2020, 12:07
Оқылды: 142

Ақсайда көпқабатты үйге Бауыржан Момышұлына мурал салынды

Бөрлі ауданы Ақсай қаласы 5-ықшамауданындағы көпқабатты үйдің қабырғасына Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының суреті (мурал) салынды.

26B0DC75-6BA3-4FE5-9B11-078CA3545879

Жаужүрек бабамыздың жалынды бейнесі көпшіліктің көңілінен шықты. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде керемет туынды екендігін жарыса жазуда.

- Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай муралды салу туралы ой туындаған еді. Содан қолдау білдірушілер де табыла кетті. Осылайша алдымен қазақтың қаһарманы, елдің ержүрегі Бауыржан атамыздың суретін салғанды құп көрдік. Алдағы уақытта былғы мерейтойларға байланысты тағы да муралдар салынатын болады,- дейді аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев.

Жанды һәм жағымды суреттің жалғасы әсем қаламыздың әрін кіргізеді деген ойдамыз.

 Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале