5.01.2020, 17:59
Оқылды: 20

Ақсайда мешіт жамағаты арасында турнир өтті

«Ақсай» спорт кешенінде Ақсай мешіті жамағаты арасында Ақсай қаласындағы өкілдіктің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жамағаты арасындағы бірлікті, бауырмашылдық пен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында пауэрлифтингтен аудандық турнир өткізілді. Додаға 24 спортшы қатысты.

borli (3)

Жарыс қорытындысында 59 келі салмақта А.Бақытжанов, 66 келі салмақта Б.Аймаханов пен С.Мажитов алдыңғы орындардардан көрінді. 83 келіде А.Кенжеғалиев, 93 келі салмақ дәрежесінде Р.Омаров, 105 келі салмақта күштерін сынағандар арасында А.Сисенов бірінші орынға ие болды. Белтемірді жатып көтеруден А.Сисенов қарсыластарынан мықты екенін дәлелдеді.

borli (2)

Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің дипломдары, медальдары және Бөрлі аудандық мешіті тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

borli (4)

Бөрлі аудандық мешітінің

баспасөз қызметі

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале