18.02.2025, 15:45
Оқылды: 368

Ақсайда «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі өтті  

 

Жақында Ақсай қаласының №4 ЖОББ мектебінде дәстүрге айналған аудандық «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі өтті.

жАЙЫҚ ТОЛҚЫНЫ (1)

Фестивальді аудандық білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» КММ  ұйымдастырды. Аталған байқау облыстық білім басқармасының жоспарына сай «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, тарихи-мәдени мұраларды сақтау және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғүрпын, мәдениетін насихаттау мақсатында оздырылды.

жАЙЫҚ ТОЛҚЫНЫ (2)

Байқауға ауданымыздың 21 мектебінің 100 оқушысы қатысты. Фестиваль «Жас мобилограф», «Жас ақын», «Жас әнші», «Жас шебер», «Жас суретші», «Жас аспаз» деген 6 бағыттан тұрды.

жАЙЫҚ ТОЛҚЫНЫ (3)

Әр бағыттың әділқазы алқасының шешімімен жарыс қорытындыланды. Нәтижесінде, әр бағыттың мықтылары анықталды. Олар №5 ЖОББМ оқушысы А.Гильманова («Жас әнші»), №1 ЖОББМ оқушысы Б.Кәкім («Жас ақын»), Ақбұлақ МББК оқушысы А.Ержанқызы («Жас шебер»), №6 МЛ оқушысы А.Азатова («Жас мобилограф»), №6 МЛ оқушысы К.Фоняк («Жас аспаз»), №4 ЖОББМ оқушысы Д.Қобдабаева («Жас суретші»).

жАЙЫҚ ТОЛҚЫНЫ (4)

Жеңіс тұғырынан көрінген оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды. Енді олар 25-27 ақпан аралығында өтетін облыстық кезеңде бақтарын сынап, аудан намысын қорғайтын болады.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале