21.06.2023, 14:45
Оқылды: 99

Ақсақалдар кеңесі – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі

Батыс Қазақстан   облысы әкімдігі  қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жандандыру бағытында жиын өтті.

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен өткен жиналысқа облыс орталығынан арнайы өкілдер, округ әкімдері мен аудандық, ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары қатысты.   

 Ақсақалдар жиналыс (1)

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Президент Әкімшілігінің Басшысы орынбасарынның бақылауындағы тапсырманы орындау мақсатында  аудандағы және ауылдық округтердегі әкімшілік-аумақтық бірліктер жанынан құрылған Ақсақалдар кеңестерінің жұмыс бағытын түсіндіру бойынша Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасының орынбасары Амангелді Дәулетжанов сөз сөйледі.

Аудан және ауылдық округтер жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесінің жаңаша бағыттағы жұмысына тоқталған Амангелді Медхатұлы болашақта аталған кеңес халық пен биліктің арасындағы алтын көпір болатындығына сенім білдіре отырып, жергілікті жерлерде туындаған мәселелердің шешілуіне үлес қосар ықпалды ұйым ретінде бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.

Ақсақалдар жиналыс (2)

Кеңес отырысында қаралған екінші мәселе Ақсақалдар кеңесінің жұмысына әдістемелік көмек көрсету бойынша БҚО әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің  басшысы Бекқали Бержанов сөз сөйлеп Ақсақалдар кеңесінің атқарар жұмысы турасында атап өтті.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы Ақсақалдар кеңесі жұмысының маңыздылығына тоқталып, биліктің атқарып жатырған нақты істерін халыққа насихаттап және жастар арасындағы тәрбиені жүргізуде ақсақалдардың ықпалы зор боларын тілге тиек етті.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале