Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округ көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен ауданның 95 жылдығына арналған «Шыңғырлауым – сәнді өлкем» халық шығармашылығы фестивалі өткізілді.
Концерттік бағдарлама ақжаулықты әжелеріміздің тәтті шашу шашуымен, бұрымды арулардың ақтан дәм ұсынуымен басталды. Кейін ақшаттық өнерпаздар әуезді ән шырқап, мың бұрала би биледі.
Көңілді шараны аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, аудан тұрғындары мен қонақтары тамашалады.
Мерекелік кеш соңында Ақшат ауылдық округінің әкімі Ерлан Айшуақов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, шараға атсалысқан жандарға алғыс хат табыс етті.
Аман Сағи,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz