16.08.2023, 9:45
Оқылды: 20

Ақсоғымда ойын алаңы салынды

Шыңғырлау ауданында балалар үшін салынған ойын алаңқайы көбейіп келеді.

ойын

Соның тағы бір дәлелі ауданның іргесінде тұрған Ақсоғым ауылында балаларға арналған ойын алаңының салындығы.

Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млн. 814 000 теңгені шашаусыз игерген «Нұрсат Құрылыс Групп» ЖШС (басшысы Бауыржан Мұрзақаев) бірер күн ішінде дайындалған өрмелі басқыштар мен әткеншектерді, сырғанақтарды арнайы құм төгілген алаңға орналастырып кетті. Ойын құралдарының қауіпсіздігі де ескеріліп, берік орнатылған.
Көз тартатын түрлі-түсті бояулармен боялған жаңа ойын алаңы балаларды еріксіз өзіне шақырады.

Жаңа ойын алаңынан табылып үлгерген Жасмина Қалмұхамбетова мен Арлан Абдуғалиевтың қуаныштарында шек жоқ. Үйдің іргесінен орын тепкен ойын алаңы бізге ұнап жатыр деседі.

Гүлшат Ботанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале