21.01.2021, 19:48
Оқылды: 57

Ақсуатта алты адам грант ұтып алған

Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық мәдениет үйінде округ әкімі Максим Энгеловтің жергілікті тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Өтеғұлов келді.

 АКСУ

Округ әкімі карантин уақытында жасаған бірқатар жұмыстарды жіпке тізді. Әуелі ауыл аумағына блок-бекет қойылған кезде кезекшілерді тамақпен қамтыған «Кең дала» тойхана басшылығына алғыс айтты. Одан кейін 100 бетперде тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратқан клуб, кітапхана, жастар мен еріктілердің еңбегін ескеріп, ризашылық білдірді.

Ақсуат ауылдық округі бойынша мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бизнес бастау» курсын аяқтап, алты адам грант ұтып алған. Өткен жылы 9 адам грант ұтып, өз кәсібін бастаған болатын. Грант ұтқан тұрғындардың бірі берілген қаражатқа наубайхана ашса, бірі ірі қара малын, бірі құс алып өсіруде.

АКСУАТ

Былтыр қараша айында округке қарасты Ақсуат, Пойма, Магистральный және Әйтиев ауылдары бойынша біртұтас дерратизациялау жұмыстары атқарылған. Магистральный ауылындағы 6 дана көше жарық шамы энергия үнемдегіш шамдармен ауыстырылған.

Округ әкімі баяндамасынан соң тұрғындар өз талап-арыздарын жеткізді. Ақсуатта да бұралқы иттердің жайы өзекті. Бір жыл бойына 23 итке ұрықсыздандыру шарасы қолданған. Мал бағыма округте ұйымдастырылғанымен бағымсыз мал жолға шығып, бұл жағдай көлік апаттарына әкеп соғады. Өткен жылы 40 мал арнайы айыптұраққа жеткізіліп, иелеріне ескерту шаралары берілген. Ақсуаттықтар да тозығы жеткен электр желілерін сөз етті. Округ әкімі барлық сұрақтарға тиянақты жауап беріп, тұрғындардың жақсы бағасын алды.

Әділет Зере,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале