Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық мәдениет үйінде округ әкімі Максим Энгеловтің жергілікті тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Өтеғұлов келді.
Округ әкімі карантин уақытында жасаған бірқатар жұмыстарды жіпке тізді. Әуелі ауыл аумағына блок-бекет қойылған кезде кезекшілерді тамақпен қамтыған «Кең дала» тойхана басшылығына алғыс айтты. Одан кейін 100 бетперде тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратқан клуб, кітапхана, жастар мен еріктілердің еңбегін ескеріп, ризашылық білдірді.
Ақсуат ауылдық округі бойынша мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бизнес бастау» курсын аяқтап, алты адам грант ұтып алған. Өткен жылы 9 адам грант ұтып, өз кәсібін бастаған болатын. Грант ұтқан тұрғындардың бірі берілген қаражатқа наубайхана ашса, бірі ірі қара малын, бірі құс алып өсіруде.
Былтыр қараша айында округке қарасты Ақсуат, Пойма, Магистральный және Әйтиев ауылдары бойынша біртұтас дерратизациялау жұмыстары атқарылған. Магистральный ауылындағы 6 дана көше жарық шамы энергия үнемдегіш шамдармен ауыстырылған.
Округ әкімі баяндамасынан соң тұрғындар өз талап-арыздарын жеткізді. Ақсуатта да бұралқы иттердің жайы өзекті. Бір жыл бойына 23 итке ұрықсыздандыру шарасы қолданған. Мал бағыма округте ұйымдастырылғанымен бағымсыз мал жолға шығып, бұл жағдай көлік апаттарына әкеп соғады. Өткен жылы 40 мал арнайы айыптұраққа жеткізіліп, иелеріне ескерту шаралары берілген. Ақсуаттықтар да тозығы жеткен электр желілерін сөз етті. Округ әкімі барлық сұрақтарға тиянақты жауап беріп, тұрғындардың жақсы бағасын алды.
Әділет Зере,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Қаратөбе ауданында атқарылмақ жұмыстар депутаттар бақылауында болмақ
25.02.2021, 11:30
Қаратөбелік 59 оқушыға 1,5 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілген
11.02.2021, 19:38
Биыл қаратөбелік 67 отбасы қоныс тойын тойламақ
11.02.2021, 19:24
Қаратөбеде 15 шаруа қожалығы жер телімін мақсатты пайдаланбаған
11.02.2021, 19:17
Қаратөбе ауданында 193 адамға 107,1 млн. теңгенің гранты берілген
11.02.2021, 19:09
Қаратөбе ауданында өткен жылы аудан бюджеті 6 млрд. 591 млн. теңгені құрады
11.02.2021, 19:03
Қаратөбелік тұрғындардан 580 өтініш келіп түскен
11.02.2021, 18:55
Қаратөбе ауданының әкімі тікелей эфир арқылы есеп берді
11.02.2021, 18:39
Тасқалалықтардың тірлігі тиянақты
10.02.2021, 18:41
Тасқалада 19 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған
10.02.2021, 18:29
Кәсіпкерлікті арттырсақ, жұмыссыздық азаяды
10.02.2021, 18:21
Тасқала ауданында техникалық судың маңыздылығы басымдыққа ие
10.02.2021, 18:06
Тасқала ауданында отандық өнімді дамыту ісі жалғасын таппақ
10.02.2021, 17:57
Тасқала ауданы орталығында көше жолдарының 85%-ы жөнделді
10.02.2021, 17:45
Тасқала ауданының әкімі есеп берді
10.02.2021, 17:34
25.02.2021, 11:30
11.02.2021, 19:24
11.02.2021, 19:17
11.02.2021, 19:09