1.06.2022, 21:14
Оқылды: 76

Ақсуаттың әкімі республикаға жолдама алды

Елімізде өтетін «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» атты республикалық конкурсы қазіргі таңда дәстүрге айналды.

әкім

Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар ҚР мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, жетілдіру — шараның басты мақсаты. Тінін тарқатсақ, конкурс өңірлік және республикалық негізгі екі кезеңнен құралған. Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, өңірлік деңгейде үміткерлерге кейстік тапсырма аясында жазбаша және бейне жауабын жіберу, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласында іске асырылатын немесе іске асырылған жобалар/идеялар бойынша презентация ұсыну тапсырылған екен. Сайып келгенде, өңірлік комиссияның бағалауымен республикалық деңгейге жіберілетін үміткерлер анықталды. Үздіктердің қатарында Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов те бар.
Облыста ұйымдастырылған бірінші кезеңге 44 адам қатысып, оның 17-сі екінші бөлімге өттік. Ал 17 үміткерден екі адам республикалық конкурсқа жолдама алдық,— деп қуанышымен бөлісті Жаннұр Бекбауұлы.

Айта кетейік, республикалық кезеңде кандидаттармен презентация түрінде жаңа идеяларды ұсынуды көздейтін әңгімелесу жүргізілмек.

Жаңа идеялар презентациясының қорытындылары бойынша республикалық комиссия онлайн дауыс беруге жолдау үшін 30 үздік идеяларды іріктейді.
Онлайн дауыс беру республиканың барлық азаматтары қатыса алатын агенттіктің және оның аумақтық департаменттері әлеуметтік желілерінің парақшаларында 17 маусымға дейін жүргізіледі.
Республикалық комиссияның қорытынды отырысы 20 маусымға дейін өтеді.
Жеңімпаздар «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен, дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталады.
Оларды марапаттау 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай өтпек.

Самал Жәмет,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале