29.12.2020, 17:57
Оқылды: 13

Ақтаулықтармен кездесті

2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

Ақтау (6)

Биыл 11 желтоқсанда елімізде партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғандығы белгілі. Үгіт-насихат жүргізу мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Люция Жұбанышқалиева, Алтынбек Мақашев, Нариман Мусенов, Теміржан Сисенғалиев Ақтау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Алдымен үй-үйді аралап, ауыл ақсақалдарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Одан соң ауылдық округтің мәдениет үйінде үміткерлердің ауыл тұрғындарымен кездесуі жалғасын тапты. Алғаш болып сөз алған үміткер Люция Жұбанышқалиева бүгінгі таңдағы аудан көлеміндегі атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта да игі істердің жалғасатыны туралы айтты.

Кездесу барысында сөз алған ауыл тұрғыны А.Жұмашева «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндігін жеткізді. Ауыл тұрғындары да аталмыш партияны қолдайтынын және міндетті түрде сайлауға баратынын тілге тиек етті.

Аталмыш кездесуге жиналған ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале