6.06.2023, 16:02
Оқылды: 54

Ақтөбеден жеңіспен оралды

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында тоғызқұмалақтан қоғам қайраткері Қуандық Алтынбаевты еске алуға арналған дәстүрлі жасөспірімдер арасындағы командалық және жекелей облыстық ашық турнирі өтті.

св

Қатысқан 10 команданың ішінен сырымдық тоғызқұмалақшыларға ІІ орын бұйырды.

Турнир нәтижесінде, Сырым аудандық А.Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Абай бөлімінің оқушылары Әмірхан Біржан ІІІ орынға, Баян Мақсұт ІІ орынға табан тіреді.

Өзге тоғызқұмалақ шеберлері арасынан оқ бойы оза шыққан Айша Ғарифолла, Мадина Мақсұт,  Нұрәли Жолдыбай жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тағынды.

Гүлжайна Ержан “жеңіске деген жігері үшін” алғыс хат иегері атанды.

- Ауылдың ғана емес, ауданның намысын білгірлігімен, шеберлігімен қорғап жүрген шәкірттерімнің алар асулары әлі алда,- деп ағынан жарылды оқушылардың бапкері Дарын Төреғалиев.

 

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале