18.02.2021, 14:49
Оқылды: 69

Ақын рухына арналады

Бәйтерек ауданында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған онлайн байқау ұйымдастырды.

687F03B3-FDB9-419E-A5C0-AC37A9513371

«Жырлайды жүрек» атты байқау қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту және ақын өлеңдері арқылы жастардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында оздырылған. Сайысқа аудан жастары, оқушылар мен түрлі салада қызмет жасайтын мамандар қатысты.

-Өлмес ақын Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған байқау бірнеше күнге созылды. Оған көпшілік белсене атсалысты. Сурет салу, вокал, поэзия, арнау жазу сияқты кезеңдерден тұрған сайысқа қатысқандар ақынның суретін салып, сөзіне жазылған әнін орындап, шығармаларын мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ ақиық ақынға арнау шығарып, бейнеролик жолдағандар да болды. Күні кеше белсенді қатысушыларды марапаттадық,-дейді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева.

Бұнымен қоса ресурстық орталықтың инстаграм парақшасында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақ-жауап викторинасы өтіп, әлеуметтік желі қолданушылары білімдерін сынаған болатын.

Сайыс қорытындысы бойынша Шамиль Калманов, Арайлым Рашидқызы, Дина Қанатова III орын, Полина Тудакова мен Айсана Исмагулова II орын иеленсе, Аида Сүндетқалиева I орын иегері атаныпты. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілген.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале