Марфуға десе, кез келген қазақ шұрайлы жер мен шынайы сезімді еске алары анық. Марфуға өлең болып өрілген қыз-ғұмырдың бейнесіне айналған тұлға. Халқымыздың ардақты ақыны Марфуға Айтхожинаның туғанына 85 жыл толуына орай ақынның шығармашылығын оқырманға үлгі ету, поэзиясының қадір-қасиетін сезіндіру, қазақтың ақын қызының ойлары, көзқарасы арқылы оқырмандарды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық модельді кітапханасы «Мен қазақ қызы асқақ үнді» буктрейлерін facebook парақшасына ұсынды.
Қалың оқырманға ақынның өмірбаянынан қысқаша түсінік беріліп, «Жапырақтар жауғанда» атты таңдамалы жыр жинағына анықтама берілді. Қазақтың ардақты ақын қызы Марфуға Айтхожинаның бұл кітабына дүниені жырмен тербеген жүрек толғаныстары мен жан тебіреністері астасқан айтулы жинақтарынан таңдамалы өлең-жыр, толғаулары топтастырылды.
Ақынның келісті жырлары – кемелді оқырманды да, келешек ұрпақты да бейжай қалдырмайтын, өлеңді қасиет тұтар халықтың қуанышы болатын рухани қазына.
Гүлбақыт Дүйсен,
Бірлік ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы
Жаңақала ауданы