9.11.2023, 17:15
Оқылды: 9

Ақындар клубының жұмысына жоспар құрылды

Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен музей ұжымының ұйымдастыруымен «Шыңғырлау жыр құшағында» атты жергілікті ақындармен кездесу кеші өтті.

IMG_1609

 Аудан мәдениетінің дамуына үлес қосып, халқына өз шығармашылығын арнап, өнер сүйер қауымды өлең, жырларымен қуантып жүрген Адақ Танабайұлы, Олжас Нұрланұлы және Самат Сергейұлы кеш қонақтарының қатарынан табылды.

IMG_1617

Сұхбат, пікір алмасу форматында өткен шараның басты мақсаты жергілікті ақын, жазушыларымыздың шығармашылығын жарыққа шығару, халыққа ұсыну жолдарын қарастыра отырып мәселелердің шешімін табу болатын. Жыр жанашырлары арасында ой-пікірлер айтылып, ортаға ұсыныстар тасталды. Осы уақытқа дейін поэзия өнерінің төңірегінде атқарылып келе жатқан жұмыс талқылана келе, алдағы уақытта да еңбектенуге, «Ақнәзік» ақындар клубының жұмысын ары қарай жандандыруға жоспарлар құрылды.

IMG_1630

Кеш көрермендеріне арнап ақындарымыз жүрекжарды өлең жолдарын оқып, әуелете ән шырқады. Жиналған жұртқа керемет әсер, рухани азық сыйлаған кездесудің соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Хамидолла Темірбекұлы кеш қонақтары мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, шағын сыйлықтарын табыстады.

 

 

Гүлжазира Асуова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале