11.04.2024, 19:00
Оқылды: 63

Ақжайық ауданына ұлттық ұлан көмекке келді

Ақжайықтықтарға бүгін су тасқынының алдын алу бойынша жұмысқа көмектесуге ҚР Ұлттық ұлан Батыс өңірлік қолбасшылығының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің сарбаздары келді.

IMG_0146

Су тасқынының бірінші кезеңінен-ақ апаттың зардабын жою, эвакуациялау жұмыстарына араласқан сарбаздар Жайық өзенінен төнген қауіпті азайтуға қайта сапқа тұрды. Олар Ақжайық ауданының Чапаев ауылының тұсында Жайықтың жағасын бекітіп, 2000-нан аса қап қаптап берді.

IMG_0149

– Бүгін таңмен Чапаев ауылына жеткен бойда 80 сарбаз жұмысқа кірісті. Олар ауылдың Мендалиев көшесіне кіре берісте және керме көпірдің басында бөгет көтеріп, қаптарды қаптады. Ресейден мол су келе жатыр, демек әр саналы азамат алдын алу шараларының бел ортасынан табылуы керек. Біздің батальонның сарбаздары алғашқылардың бірі болып, эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастырып, Асан, Жаңаөмір ауылдарын су тасқынынан аман алып қалу үшін күніне 7000-нан аса қап қаптап, бөгеттер тұрғызды, – дейді батальон командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, капитан Таңат Мансұр.

IMG_0138

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале