8.01.2025, 16:45
Оқылды: 23

Ақжайық ауданында «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» акциясы өтті

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әлінің туған күні облысымызда кең көлемде атап өтілді. Осыған орай қазақтың ақын-жазушыларының сөз мұрасын насихаттап жүрген Ақжайық ауданының  кітапханалары «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» акциясын өткізді.

54

Осы акция аясында рухани ордалардың оқырмандары әлеуметтік желіде ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Айталық, кеше орталық модельді балалар кітапханасы Жұбан орталығында «Қадырдың ұрпаққа қалдырған мұрасы» атты поэзия кешін өткізді. Шараға №1 ОЖББМ-нің окушылары мұғалімдерімен бірге қатысты.

Оқырмандарға қазақ поэзиясының дара өкілінің қанатты сөздерінен слайд көрсетілді. Ал «Әулет» бейнеролигі балғын оқырмандарға ақынның өмір жолы, шығармашылығы жөнінде толық дерек берді.

Қадыр Мырзалиевтың  балалар әдебиетіне салған олжасы қомақты. Оның шығармашылық мирасында балаларға арнап жазылған жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар көп. Кітапханашылар оқырмандарға ақынның жұмбақтарын жасырып, викторина өткізді.

Шарада Қадыр ақынның «Қоянның құлағы» өлеңін Айша Тілекова, «Көк тайғағын» Бекарыс Темірхан, «Ақылды балалардың әнін» Әли Мәлік  нақышына келтіріп оқып шықты, Танымдық кешті балғын оқырмандар ақынның сөзіне жазылған «Атамекен» әнін шырқап, аяқтады.

Осындай шаралар ауданымыздың өзге де кітапханаларында ұйымдастырылды. Атап өтейік, бұл акция жылдың соңына дейін өтеді.

Әсел Сағын,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале