29.01.2019, 11:23
Оқылды: 45

Ақжайық ауданында қаржы қызметкерлеріне семинар өтті

Елбасымыздың тапсырмалары негізінде ҚР салық кодексіне өзгерістер енгізгені мәдім. Мұндағы мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдауды күшейту.

IMG_0435

         Ақжайық ауданының орталығында БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Тимур Төлепов, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Дина Қажығалиева, түсіндіру басқармасының басшысы Айман Қуанованың қатысуымен өткен семинарда кәсіпкерлерге, есеп қызметкерлеріне сол өзгерістердің қыр-сыры жайында кеңінен баяндалды.

         Салық төлеушілер Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қызмет түрлеріне қарай (бұл қызмет түрлері Қаржы Министрінің 2018 жылғы бұйрығымен бекітілген) алдағы 1 сәуірден бастап, 1 шілдеден бастап, сондай-ақ 1 қазаннан бастап қолданатыны жайында, биыл тіркелген онлайн бақылау кассалық машинасының жеңілдіктері туралы сөз болып, сұрақтарға жауап қайтарылды.

         Шара барысында сондай-ақ бірыңғай жиынтық төлемді кімдер төлейтіндігі жайында айтылды. Бұл формалды емес жұмыспен қамтылған халыққа, яғни ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларында еңбек етушілерге ұйымдастырушылық, құқықтық мүмкіндік беретін арнайы бағыт болып табылады. Мұнда салық сомасы азырақ, салық пен әлеуметтік төлемдерден тұратын бірыңғай төлем жасауға болады, салық бойынша есеп беру, салықтық тексерулер және әкімшілік жазалар қарастырылмаған. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың жүктемесін азайту мақсатында, бұл төлемді айлық есептік көрсеткіштің жартысына дейін қысқарту ұсынылған. БЖТ төлеу қызметті автоматты түрде тіркеуге және медициналық әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

         Бірыңғай жиынтық төлем өзімен 4 төлемді біріктіретін бір төлемдік бірыңғай құқықтық тәртіп (жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының жарналары және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры). Бірыңғай жиынтық төлем қалалық жерлерде 1 айлық есептік көрсеткіш (2019 жылға АЕК-2525 теңге), ал ауылдық мекендерде 0,5 айлық есептік көрсеткіш.

         Басқосуда сонымен қатар салықтық рақымшылық, елімізде жалпыға бірдей декларациялау 2020 жылы басталатындығы туралы айтылды.

IMG_0449

Қайрат Қапан,

аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале