31.05.2023, 14:45
Оқылды: 34

Ақжайық ауданында киік көбейіп келеді

Көршілес аудандардан Ақжайыққа көшкен киіктердің қатары көбейіп келеді. Өткен аптада Жамбыл, Қабыршақты, Алғабас ауылдық округтерінің аумағында жүргені туралы хабар түссе, бүгінгі дерек бойынша дала еркесі өзге де округтерде бой көрсетіпті.

20230521062906_IMG_8215

Айталық, Мерген ауылдық округіне қарасты аумақта 30 шақты киік көрінсе, Будариндегі «Қуан» мен «Нұр-Ай» шаруа қожалықтарына тиесілі жайылымда малшылар 50 шақтысын байқаған. Алмалы ауылдық округінің Жаңақала ауданымен шекаралас жатқан жерлеріне де бөкен қоныс аудара бастаған. 30-дан астам дала еркесі Жаңабұлақ ауылдық округінің қыстақтарында да емін-еркін жайылып жүр.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Бәкіровтің айтуынша, бұл мәселе үнемі назарда. Әзірге шаруашылықтардан киіктің күрт көбеюіне наразылық туындай қоймаған.

Әсем Есбек, 

Ақжайық ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале