6.10.2024, 15:05
Оқылды: 79

Ақжайық ауданында мүмкіндігі шектеулілерге барлық жағдай жасалған

Референдумда өз таңдауын жасаймын деген мүмкіндігі шектеулі жандар өтініш жолдап, үйден де дауыс бере алады. Әйткенмен, Ақжайық ауданында мұндай азаматтар көппен бірге учаскеге келіп, дауыс беруді жөн көріпті. Солардың бірі – Есенсай ауылының тұрғыны Бексұлу Бейілова. Көзі көрмесе де, референдум өтетіндігінен хабардар ол бүгін 45 референдум учаскесінде сайлау бюллетенін қолына алды.

Изображение WhatsApp 2024-10-06 в 14.47.46_15251965

– АЭС салу жөнінде ел Президенті шешімді қабылдауды халыққа тапсырды. Халық деген кім, ол – мына біз бен сіз. Менің де маңызды мәселеге қатысты өз пікірім бар. Соны білдірейін деп бүгін учаскеге келіп тұрмын. Комиссия мүшелеріне ризамын. Есіктен кіргеннен қолпаштап, қолтығымнан демеп, бәрін ұғындырып, көмектесіп жатыр, – дейді Б.Бейілова.

InShot_20241006_164932923

Айта кетейік, Ақжайық ауданында дауыс беру құқығына ие 194 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 30-ы арбаға таңылған болса, 126-сының көзінің кемістігі бар, ал 38-і құлағы нашар еститіндер. Олардың өз құқығын толыққанды жүзеге асыруына аудан аумағындағы учаскелерде барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ, Бударин, Жаңабұлақ, Жайық, Чапаев және Мерген ауылдарында инватакси жұмыс істеп тұр. Референдум учаскелерінің бәрінде мүмкіндігі шектеулілерге арнайы бұрыш жасақталған. Дауыс берушілер осындағы ноутбук, аудиобюллетень, лупаларды қолдана алады. Қажет болса, сурдоаудармашылар да қызмет көрсетуде.

Әлия Серікқызы 

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале