16.12.2024, 14:37
Оқылды: 375

Ақжайық ауданында желтоқсаншылардың рухына құран бағыштады

Бүгін Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылындағы мешітке жиналған жамағат Желтоқсан құрбандарын еске алып, рухтарына дұға бағыштады.

IMG-20241216-WA0046

Көпшіліктің алдында 1986 жылдың ызғарлы Желтоқсанының ел тәуелсіздігін алудағы маңызды рөлі жөнінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Максим Үмбеталиев баяндап, сол кездегі жастардың ерлігін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың парызы екенін қаперледі.

IMG-20241216-WA0048

Желтоқсаншылар атынан сөз алған Мәлік Мұхтар жастардың жанкештілігін, бодандықтың құрсауынан шығуды аңсаған қыз-жігіттердің өр рухы туралы біраз естелік ақтарды.

IMG-20241216-WA0047
Ауданның бас имамы Тұрсынғали Құжап өмірден өткен желтоқсаншылардың рухына арнап дұға бағыштады.
Осыдан кейін мешітте ас берілді.

Әсет Бисенғалиев
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале