21.05.2018, 11:10
Оқылды: 69

Ақжайық ауданында жұмыспен қамту шараларына арналған жиын өтті

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта ауданымыз бойынша мәртебесі анықталған азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту шараларына тарту, олардың қызметін рәсімдеу және өзектендіру бойынша БҚО әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева қатысуымен жиын өтті. Отырысқа, аудан әкімі Әділ Жоламанов, БҚО жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмұханбетов, ауылдық округ әкімдері және бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Осында алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанна Нұржанова ауданымыздың 2017 жылғы әлеуметтік бағдарламалар бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған аймақ бойынша штаб құрылғаны, сауалнамалар жүргізілгендігі, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жайында кеңінен айтты.

Жанна Рахметоллақызының айтуынша, өткен жылы «Ақжайық ауданы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін рәсімдеу жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жол картасы» жасақталған. Мәртебесі анықталмаған азаматтардың мәртебесін үй-үйді аралау арқылы анықтап, өзектендіру ісі атқарылған.

Мысалы, аталмыш жол картасының 2.2 тармағы «Міндетті зейнетақы жарналарынсыз жұмыс істейтіндер» мәртебелері бар адамдарға сауалнама жүргізу кезінде тізбесі анықталған жұмыс берушілерге еңбек шарттарын жасасу туралы ескертулер жіберу бойынша ауданда «Еңбек келісімшартын жасасайық!» акциясы өткен болатын. Нәтижесінде міндетті зейнетақы жарналарынсыз жұмыс істейтіндер деп танылған 207 кәсіпкерлік субъектілері 437 адаммен келісімшарт жасасқан.

Сондай-ақ бөлім басшысы 2017 жылдың наурыз айынан бастап, міндетті әлеуметтік-медициналық саттандыру жүйесінің енгізілуі бойынша жүріп жатқан жүйелі жұмыстар туралы баяндады.

БҚО әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева Елбасының тапсырмасының негізіндегі ауданымыздағы жұмыспен қамту бағдарламасын шағын және жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету хақында айтты. Осы сала бойынша жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруда бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ БҚО жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмұханбетов жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша, атқарылар істердің сапасына мән беру жайында ой-пікірімен бөлісті.

Нұрхат МАҒЗОМОВ,

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале