6.03.2020, 16:39
Оқылды: 48

Ақжайық ауданының әкімі мереке иелерін қабылдады

  8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай бүгін Чапаевта аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов аудан орталығында мерекелік қабылдау өткізді.

akzhaiyk (1)

   Айтулы мейрам иелері – ауылдардан келген әйел-аналарға олардың ел игілігіне арнаған еңбегі үшін, отбасының бағын гүлдендірудегі мақсаткерліктері үшін зор ризашылығын жеткізіп, жүрекжарды тілегін білдірді.

Елімізде қазақстандықтардың, оның ішінде көпбалалы отбасылардың тұрмыс деңгейін көтеруге қатысты ауқымды да нақты жұмыстар атқарылып жатқаны көпшілікке мәлім. Қ.Айтмұхамбетов мемлекеттің осындай қолдауына, қамқорлығына сай, ақжайықтықтар, барлық әйел-аналар еңбектерін еселеп, жаңа дәуірдің талабына сай жауапкершілікті шыңдай түсеріне зор сенімін білдірді.

akzhaiyk (2)

Мерекелік қабылдауда қурайлысайлық зейнеткер Жұпар Дінекешова, «Жайдарман» әжелер тобының мүшесі Ғайни Машаева, ақсуаттық кәсіпкер Ләззат Сейткереева, тайпақтық Светлана Тілекеева және басқалары сөз сөйлеп, ауылдастарының еңбек ұжымындағы әріптестерінің ұмтылысы туралы баяндап, жарқын мерекеге толы нұрлы наурыз айына орай жиналғандарға игі лебіздерін арнады. Гүлжамал Кайбалиева гүл-көктемнің шуағы мен ыстық ықыласқа бөленген аналарды әсем әнмен құттықтады.

Әйел-аналарға раушан гүлімен қоса естелік сыйлықтар тапсырылды.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале