25.08.2017, 17:34
Оқылды: 30

Ақжайық ауданының әкімі жас мұғалімдерді қабылдады

 Akjayik akimi mygalimberdi kabildadi  Ақжайық ауданы әкімі Әділ Жоламанов оқу орнын бітіріп, аудандағы 8 мектепке жұмысқа орналасып жатқан 15 жас мұғалімді қабылдап, еңбек жолындағы алғашқы қадамдарымен құттықтады.


       – Елбасы Н.Ә.Назарбаев айқындап берген басым бағыттар бойынша жұмыс жасап, Тәуелсіз мемлекетімізді көркейту сіздердің қолдарыңызда. «Дипломмен – ауылға!» сынды бағдарламалар арқылы жас мамандарға барынша қолдау көрсетуіміз керек. Десек те, аудан мектептерінде әлі де болсын кадр жетіспеушілігі байқалады. Еңбек жолын ауылдан бастағалы отырған жалынды жастардың бетбұрысына қуаныштымыз. Ел болашағы сіздердей жаңашыл қыз-жігіттердің өскелең ұрпаққа берер білімі мен тәрбиесінде,-деп сенім білдірді Ә.Т. Жоламанов.

     Қабылдауда Атамекен ауылындағы М.Өтемісов атындағы негізгі мектепке психолог мамандығы бойынша жұмысқа орналасушы Бибінұр Жамалханова, Ілбішіндегі Қаршы мектебіне дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметіне кіріскелі отырған Тілек Қозбақов тағы басқа жас мамандар сөз сөйлеп, алдағы уақытта жемісті жұмыс жасауға талпынатындықтарын жеткізді.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале