Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатты жетілдірудегі күш-жігерін одан әрі дамыту мақсатында «Халықтың осал топтары үшін әлеуметтік қорғау» жобасын жүзеге асыруда қыруар жұмыс істеліп жатқаны мәлім. Оның дәлелі – Теректі ауданы Ақжайық ауылындағы 2 пәтерлік жеке тұрғын үйдің мәресіне жетіп, пайдалануға берілуі.
Ашылу салтанатына Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, мәслихат депутаты Мирас Әлібекұлы және жеке кәсіпкер Мәрлен Әдешов қатысты.
Әлия Биғазықызы жаңа баспана кілтін Бақтыгүл Төлеуғалиева мен Бақтыгүл Ишанғалиеваға табыс етіп, жұртшылықты құттықтады. Көпбалалы ана Бақтыгүл Ерланқызы сөз алып, алғыс білдірді.
Ислам Мұрат әнмен көркемдеп, ортаны қыздырды.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы