26.06.2020, 12:22
Оқылды: 300

Ақжайықта 278 түлек ҰБТ тапсырды

Індеттің алдын алу мақсатында мектеп түлектерінің басты сыны – ҰБТ биыл Ақжайық ауданында үш лекпен, яғни 23, 24 және 25 маусымда өткізілді.

85F4C77B-DFD8-4B14-BAC1-1BE504DBA112

Сынаққа мектеп  бітіруші 336 түлектің 278-і (82,7%) қатысуда. 211 түлек ұйымдастырылған тасымал көліктерімен жеткізілді. Аудан орталығындағы №771 Ұлттық тестілеу өтетін пунктте әдеттегідей, Білім және ғылым министрлігі өкілдері, мемлекеттік комиссия мүшелері тағатсыз жұмыс жасады, сынақ барысы арнайы орнатылған бейнекамералар арқылы онлайн-трансляциямен көрсетілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу алгоритміне сәйкес Ұлттық тестілеу пункті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай дайындалып, 7 аудитория және 1 қосымша аудитория қамтылды. «Тестілеуге қатысушыларға 1 рет қолданылатын қолғаптар, медициналық маскалар таратылды. Пункт санитайзерлер, дезинфекциялық туннель және кілемшемен жабдықталған. Тестілеу пунктіне кірер алдында баррикадалау ленталары тартылды. Сынаққа қатысқан түлектердің арасында дене қызуы бар оқушылар болған жоқ, өтініш берген түлектердің барлығы түгел қатысты. ҰБТ ешқандай ескертусіз, бұзусыз өтті», - дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Шынар Ғұмарқызы.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале