Ақжайық аудандағы сайлау учаскелеріне аға буын өкілдері де келіп, ел өміріндегі маңызды науқанға қатысуда.

Тайпақ ауылындағы №31 сайлау учаскесіне 93 жасқа аяқ басқан Тойған Орашева әже келіп, өз таңдауын жасады. Ақ жаулығын тағып, сайлау учаскесіне арнайы келген әженің азаматтық белсенділігі көпшілікке үлгі болды.

Құрайлысай ауылының 92 жастағы тұрғыны Нұржан Оспанова әже де Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз дауысын берді. Ал Кеңсуат ауылында 90 жастағы Райса Бақтыгереева әжей де сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндетін орындады.

Будариндік ақсақал, еңбек ардагері Құбайдолла Мұсағалиев да сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді. Аға буын өкілі ретінде ол елдің тыныштығы мен ауылдың берекесін тілейтінін жеткізді.
Әр жылдары елдің дамуына еңбегімен үлес қосқан қариялардың сайлау учаскесіне өз аяқтарымен келуі қоғамдық өмірге деген белсенді көзқарасын көрсетеді. Үлкендер осылайша кейінгі буынға азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетуде.
Рақым Берікқали
Ақжайық ауданы