«Ақжайық» спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында аудан әкімі кубогы үшін футзалдан облыс біріншілігі өтті.
Аталған спорттық додаға облыс әкімдігі, Орал қаласы, Бәйтерек, Қаратөбе, Теректі, Қазталов, Сырым, Шыңғырлау, Жаңақала және Ақжайық ауданы әкімдігінің командалары қатысты. Осыған дейін бұл біріншілік тек облыс орталығында ұйымдастырылып келсе, енді аудан орталықтарында да өтетін болады.
Алғашқы болып қабылдаған аудан ретінде сайысты сәтті ұйымдастырылғанын атап өту керек.
Шараның ашылу салтанатына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Руслан Биманов қатысып, жарысқа сәттілік тіледі.
Тартысты өткен бәсекеде Қазталов ауданының командасы І орын, Орал қаласы әкімдігінің аяқдопшылары ІІ орын, Шыңғырлау ауданының командасы ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ Асфандияр Амангельдиев (Қазталов) «Үздік қақпашы», Қайрат Нағибов (Ақжайық) «Үздік қорғаушы», Амангелді Жұмағалиев (Орал) «Үздік шабуылшы» және Ерлан Сағындықов (Шыңғырлау) «Үздік ойыншы» аталымдарымен қошеметтелді.
Азамат Қанапия
Ақжайық ауданы