14.02.2019, 16:52
Оқылды: 17

Ақжайықта қайырымдылық концерті өтті

Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылындағы Харькин мектебінің 5-сынып оқушысы Оралбек Әлбекұлы бір жыл жарымнан бері өзіне жабысқан кеселмен күресіп келеді. Мұны естіп-білген көпшілік тарапынан көмек беруге ұмтылғандар аз емес.

DSC_0010

         Оралбектің емделуіне қаржы жинақтау мақсатында аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырған «Мейірімді жүрек ынтымақтастығы» атты қайырымдылық концертіне келушілер қатары қалың болды.

         Аталған білім ордасы оқушылары дайынған концерт барысында арнайы қорға 240 мың теңге түсті. Бұл Оралбектің Астана қаласындағы оңалту орталығында ем алуына үлес болмақ.

         Кеш соңында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Биман Өтабаев Оралбектің үй ішіне Чапаев тұрғындарынан, еңбек ұжымдарынан, оның ішінде мектеп-гимназия мұғалімдері мен оқушылары атынан ақшаны табыстады.

         Оралбектің әкесі Әлібек Нашанов осындай қайырымдылық үшін баршаға алғыс айтты.

DSC_0002 IMG_0807

Әли Асқар,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале