3.04.2025, 16:00
Оқылды: 221

Ақжайықта кәсіптің сырын ұғындырған байқау өтті

Ақжайық аграрлық техникалық колледжі «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «JuniorSkills: Болашақ мамандары» байқауын ұйымдастырды.

IMG_9340
Жас ұрпаққа кәсіби бағдар беру, мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстыруды мақсат еткен байқауға Абай атындағы мектеп-гимназиясы, М.Әуезов атындағы, №1 орта мектептері және Жайық негізгі мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Мұнда оқушылар «аспаз ісі» және «дәнекерлеу технологиясы» бойынша өзара сайысқа түсті.

IMG_9369
Оқушы қыздар түскі дастарханды әрлеп, жемістерден, көкіністерден сусындар дайындаса, ер балалар қоқыс жәшігін жасап, профиль құбырларынан ою иіп, құбырлардан киім кептіргіш құралдарын дәнекерлеп шығарды. Сайыс қорытындысы келесідей: «аспаз ісі» бойынша Абай атындағы мектеп-гимназиясы, «дәнекерлеу технологиясынан» №1 орта мектебі оқушылары І орынға ие болды. Аталмыш байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді.

Аида Асылбек,
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале