4.07.2018, 9:14
Оқылды: 45

Ақжайықта шегірткеге қарсы улау жұмыстары жүргізілді

sarancha«Республикалық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Ақжайық аудандық филиалы ауылдар аумағында саяқ шегірткені анықтау бойынша тиісті қам-қарекет жүргізген еді.


Нәтижесінде жоспар бойынша аталған жәндікке қарсы барлығы 5100 га, соның ішінде Тайпақ ауылдық округінде 1010 га, Алмалы ауылдық округінде 3590 га, Жаңабұлақ ауылдық округі  500 га жерге «Даклаприд – 20% с.к.» препаратымен химиялық улау жұмыстары жүргізілді.

Жұмысты «Магтоксин» ЖШС жұмысшы-қызметкерлері «КамАЗ» автомашинасының үстіне орнатылған қондырғыны пайдаланып атқарды. Улау 4 күнде, тиісті ережеге сай, яғни, ауа температурасы көтерілмей тұрғанда, кешкі, таңертеңгі уақыттарда  жүргізілді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале