Ақжайық ауданының орталығы Чапаевтағы «Жастар» спорт алаңында ауданның басты жаңа жылдық шыршасының шамы жағылды.
2019 жылдың дүбірі естілгенін әйгілейтін бұл салтанатта шамты тұтату құрметі аудан түлектері, БҚМУ-дың І курсінің үздік студенті Қазына Файзуллина және облысымыздың жүздеген жастың сахнаға шығуына көмектескен «Танылмаған талант» жобасының авторы Олжас Сейтімовке берілді.
Салтанатта аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов болды. Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйледі, еңбек ұжымдарынан Аяз аталар мен Ақшақарлар игі тілектерін арнады.
Ауылдарда жаңажылдық шаралар шеру тартуда. Қазақтың ардақты ұлы, қаламгер Хамза Есенжановтың 110 жылдығына арналған дәрістер, мектеп оқушыларына, жастарға арналған кештер, сәбилерге арналған ертеңгіліктер өтуде.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер