Ақжайық ауданының орталығындағы «Ақбота» балабақшасының қос қабатты ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.
Қазынадан бөлінген 21 млн. теңгеге, «Аяла» ЖШС-ның (директоры Алтынбек Мергенов) қызметкерлері 3 ай мерзімде 66 терезе мен шатырды жаңалады. Жылу қазандығы заманауи құрылыс дүниесімен қапталды.
Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов 4 топта 90 бала тәрбиеленетін мекеменің тынысымен танысты.
Бекем Бекұлы
Ақжайық ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер