13.11.2023, 18:00
Оқылды: 10

Ақжайықтан жүлде арқалап келді

Қараша айында Жәнібек ауданы спортшылары жүлде артынан жүлде алып, кіл мықтының қатарынан орын алып жатыр.

401583894_880372724092403_1545795651647660485_n

Нақтырақ айтсақ, ұлттық жекпе-жектен балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Батыс Қазақстан облысының кубогында қанжыға майланды.

Жүз елуден астам қатысушы арасынан аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Нұрхан Берікқали +55 келі салмақта жеңімпаз атанса, Ералы Жеңісұлы 45 келіде жүлделі 2-орынға қол жеткізді. Сонымен қатар 51 келі салмақта қола жүлде Жанарыс Азаматовқа бұйырды.

Осылайша жәнібектіктер Ақжайық ауданынан жүлде арқалап, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллиннің дипломымен оралды.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале