22.11.2024, 17:30
Оқылды: 9

Ақжайықтық мектеп директорлары республикалық байқауға жолдама алды

Орал қаласында білім беру ұйымдарының директорлары арасында «Батыс CUP» дебат турнирінің облыстық кезеңі өтті. Бұл сайыстың мақсаты – мектеп басшыларының көшбасшылық қабілетін, зияткерлік әлеуетін дамыту.
b22ff4a7-b726-4d07-a865-1d278ace2b26
Турнирге Ақжайық ауданының «Көшбасшы» фракциясы құрамында Жайық негізгі орта мектебінің директоры Меруерт Ерментаева мен Бударин мектеп-балабақша кешенінің директоры Гүлжанат Тілегенова қатысты.
Олар дебат турнирінде басқарушылық идеяларына қатысты өз көзқарастары мен ұстанымын ортаға салып, жекеменшік мектептердің ашылуы, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімді жолдары, сонымен қатар оқушылардың білімін бағалаудың жаңа моделін енгізу тақырыптарында пікір таластырды.
Турнирдің қорытындысында біздің қос директорымыз жеңімпаз танылды. Олар енді желтоқсан айында Атырау қаласында өтетін республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды.
Әсел Сағын
Ақжайық ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале