6.01.2021, 16:44
Оқылды: 48

Ақжайықтық шаруагерлердің тіршілігі қалыпты

Қыстатудың нағыз қауырт кезеңі басталды. Дала төсіндегі малға жем-шөп жеткілікті ме? Шаруалардың жайы қалай? Апта дүйсенбісінде Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Асқар Әбуғалиев округтегі қыстақтарға жолға шығып, Қабыршақты ауылдық округіне қарасты мал шаруашылығымен айналысып отырған қожалықтардың жай-күйімен танысты.

IMG_8481 (1)

Сапар барысында А.Батырханұлы «Әнуар» шаруа қожалығында болды. Қорасында 200-ден астам ірі қарасы бар Әнуар Қуанышевтің қылқұйрықтары әзірге ауа райы жылы болғасын, тебінде жүр. Қожалық жетекшісінің айтуынша, жазда қарамағындағы шабындықтан 800 орама шөпті өз күштерімен дайындап алған. Былтырдан қалған қор да жоқ емес, қыстан қысылмай шығуға мүмкіндік бар. Мал қыстағында екі жұмысшы еңбек етуде.

Ал Хамидолла Жұмағазиев жетекшілік ететін «Мейрам» шаруа қожалығының да қысқа қамы ойдағыдай. Қой-ешкіні қоса санағанда 200-ден астам уақ жандық пен 500-дей ірі қараның азығын жазда жеткілікті мөлшерде дайындапты.

«Шынар» қожалығының шаруасын дөңгелетіп отырған Қаржауов Темірболат 400-ден аса қазақтың ақ бас сиырын өсіріп, мал басын асылдандыруға ден қойған еңбеккер. Бұл қожалықта да шаруалар ала жаздай жиған шөппен қатар сатып алған жем мөлшері жер аяғы кеңігенше жетеді деп топшылауда.

IMG_8498

Қабыршақтыда осындай қарымды қимыл бар. Алдағы уақытта аудан орталығынан құрылған штаб мүшелері өзге де ауылдық округтерге сапарлап, шаруалармен жүздеспек.

Айта кетелік, аудан бойынша 2020-2021 жылғы мал қыстағына 142523 шартты мал басы кірген. Осы мал басына 241 700 тонна мал азығы дайындалуы керек еді. Биылғы жылы көктем-жаз айларында ауа райының қолайсыз болуы, жауын-шашынның аз және мезгілінде болмауынан көлтабандарда, қырлықтарда шөп шығымы өте төмен болды. Ал бұл жағдай шаруалар үшін қысқы мал азығын дайындауда үлкен кедергі тудырып, күрделі мәселеге айналғаны белгілі. Сондықтан аудан бойынша қысқа 239 950 тонна жоспардың 99,3 %-ы дайындалған, оның 85 554 тоннасы өткен қыстан қалған болса, 154 400 тоннасы биыл дайындалған. Жетіспеген мал азығын ауыл шаруашылығы құрылымдары Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау, Тасқала, Бәйтерек ауданының шаруашылықтарымен келісіп, 41500 руллон шөп тасымалдап алған.

9028 ауланың 5519 мал ұстайтын болса, барлығы да толықтай мал азығымен қамтылған. Бүгінгі күнге окруктерден алынған мәліметтерге сүйенсек, 201 668 тонна, яғни 84,0% шөп, 3270 тонна 89,1% жем қалған. 330 қыстақтың 205-інде мал шөпке тұрған. Қалған 125 қыстақта ірі қара, қой-ешкі күндіз жайылымға шығарылады. Жылқы малы тебінде. 330 қыстақтың 187-і суды құдықтан алса, 143 қыстақ Бағырлай, Көшім, Грачи-1, 2 өзендерінің Бударин, Первомай, Тайпақ каналдарының бойында орналасқан.

Дәл қазіргі уақытта 1 бума шөптің бағасы 6000-7000 теңге, 35-40 келілік 1 қап арпа, бидай, қара бидайдың бағасы 2800-3000 теңге, ал кебектің 1 қабы 1300-1400 теңгеден сатылуда

Әсет Сағындықұлы,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале