Ақжайық ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №24 өртпен күрес бөлімі қызметкерлері Чапаев ауылында орналасқан балабақшаларда бүлдіршіндерге оттан абай болуды жан-жақты түсіндірді. Өрт қауіпсіздігі туралы әңгімеленіп, оларға отпен ойнаудың салдары ұғындырылды. Шырпы және басқа да тұтандырғыш заттардың қаупі мысалдармен көрсетілді, елде ұшырасып жүрген оқиғалар айтылды.
Кездесу барысында өрт дабылы беріліп, мекеме қызметкерлерінің және балалардың өрт кезіндегі іс-әрекеттері жайында жаттығулар өткізілді.
- Статистика бойынша, Қазақстандағы әрбір бесінші өрт баланың отпен ойнауынан немесе отқа қатысты абайсыздығының нәтижесінде болады. Бұл тек өрт тудырып қана қоймай, сонымен қатар күю және адам өлімімен сипатталатын қайғылы жағдайларға да жеткізіп жүргені аян, - дейді №24 өртпен күрес бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Азамат Доскалиев.
Бекем Бекұлы,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер