20.08.2024, 17:15
Оқылды: 165

Ақжайықтықтар «Баланы мектепке даярлайық!» акциясына үлес қосып жатыр

Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда «Баланы мектепке даярлайық!» атты «AMANAT» партиясының дәстүрлі қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Аталмыш акцияға Ақжайық ауданының белсенді азаматтары да атсалысып жатыр. Олардың қатарына мемлекеттік қызметкер де қосылып отыр.

Мектеп ЖП / Гүлмира С.С

Яғни, волейболдан мемлекеттік қызметшілерден құралған Ақжайық ауданы әкімдігінің команда мүшелері 10 дана сабақ құралдары салынған мектеп сөмкесін балаларға алып берді.

Мемлекеттік қызметпен қатар спортты да серік етіп жүрген азаматтар қайырымдылық жасаудан да шет қалып жатқан жоқ.

Биылғы жылы «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалы демеушілердің және нысаналы трансферттер қаражаты есебінен 95 балаға мектеп сөмкесін сатып алды.

Көмек аудандағы барлық білім ордасындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына көрсетілді.

Осы кезге дейін аудандық партия филиалына аудандық мәлихат депутаты, мәслихат төрағасы С.Сиражев, «A-Z STROY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, меценат А.Насиолла демеушілік көмек көрсеткен болатын.

Әлия Серікқызы

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале