6.04.2018, 10:19
Оқылды: 76

Ақжайықтықтар Қаламқас Орашеваны еске алды

kalamkasАқжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы тарихи-өлкетану музейінде ән өнерінде өзіндік ізі қалған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаламқас Орашеваның 65 жылдығына орай «Ақжайықтың Нарқызы» атты еске алу кеші өтті.

Өнерсүйер қауым Ақжайық топырағынан түлеп ұшқан Қаламқас туралы музей директоры Аян Жұмағалиевтың, ақындар Тілес Жазықбай, Сағынтай Бисенғалиевтың естеліктеріне қанықты.

Дәстүрлі әнші Сұңғат Жанаев Қаламқас Қожахметқызының репертуарынан термелар орындады. Жас буын өкілдері кеш меймандарына саңлақ әншінің шығармашылығына қатысты сауалдар қойып, жауап алды.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале