24.05.2023, 15:45
Оқылды: 122

Ақжайықтың шаруаларына киік маза бермей тұр

Көрші ауданда шамадан тыс көбейген киіктер Ақжайық ауданының да аумағына жетті. Бұл туралы редакция тілшілерімен сөйлескен ауылдық округ әкімдері хабарлады.

ЖПК

Фото: Қайырбек Сариев

- Біздің округ тұрғындарының басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Еңбегі елге танылған бірнеше шаруа қожалық бар. Соңғы кезде көрші ауданнан жөңкілген киік осы қожалық иелеріне маза бермей отыр. Мысалы, Тегісжол, Жаңажол ауылдары маңында киіктің саны 2500-3000-ға жеткен. Қарағай мен Тоған елді мекендерінде де отыз-қырықтап бой көрсетіп қалады. Жайылымдарды тапауда. Өткен жылы шаруалар әкімдікпен бірігіп арнайы техникалармен далаға қарай қуғанымен кетіп жатқан жоқ. Қайта биыл көбейе түскен, - дейді Алғабас ауылдық округінің әкімі Темірболат Есенғалиев.

Ал Қабыршақты ауылдық  округінен жеткен мәліметке сүйенсек Тельнов, Көздіқара қыстақтарының маңында басында 50-70 шақты болып көрінген киіктер саны қазір артып жатқанын айтады. Жамбыл ауылдық округінде қыстың өзінде еркін келіп су ішіп кететіндердің саны мыңға тарта, жаз шыға бастағаннан-ақ 500-ге жуық тағы қосылған. Ауылдың Балық қыстағында 800-ге жуық жүрген көрінеді. Даланы еркін жайлаған жануарлар  қусаң, кетпейді атуға рұқсат жоқ. Ал жыл санап емес, апта санап қатары  көбейген киіктің мал жайылымын отап, жоқ қылу қаупін төндіргеніне шаруалар алаңдаулы.

Әсет Бисенғалиев,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале