24.01.2018, 12:23
Оқылды: 66

Алапат желден монша шатыры ұшып кетті

Кеше, 23 қаңтар күні кешкі сағат 20.45 шамасында Қаратөбе ауданында шығыстан батыс бағытына соққан қатты желден аудан орталығындағы Қ.Жұмалиев көшесінде орналасқан моншаның шатыры ұшқан, - деп хабарлайды Қаратөбе аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов.

Төтенше жағдайлар бөлімінен түскен мәліметке сүйенсек, моншаның төбесінен құлаған құрылыс материалдарының (қаңалтыр, ағаш) жалпы көлемі 143 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ. Жарақаттануға қатысты жазатайым оқиға тіркелген жоқ.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале