Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде ағартушы-педагог, Алаш қайраткері Батыс Алашорданың мүшесі, қаратөбелік Төлеген Иманғазиевтің туғанына 145 жыл толуына орай «Алаштың ардақты азаматы» атты кездесу кеші өтті.
Салтанатты кеш қонақтары Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінің Т.Иманғазиев пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Зұлмат жылдар зобалаңы» атты көрмесін тамашалады.
Шарада аудан әкімі Жанат Асантаев Төлеген Иманғазыұлының ұрпақтарына және осы шараға арнайы келген меймандарға, кешті ұйымдастыруға ат салысқаны үшін алғысын жеткізді.
Кездесуге ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева, Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінің аға ғылыми қызметкері Роза Қуанова, тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым Жаңабек Жақсығалиев және Төлеген Иманғазиевтің ұрпақтары қатысып, Қаратөбе ауданындағы қуғын-сүргін құрбандарындары мен Төлеген Иманғазыұлының өмірдеректерімен бөлісті.
Раушан Мергенова,
Қаратөбе ауданы,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер