12.11.2020, 14:36
Оқылды: 52

Алаш музейі көгілдір отынға қосылды

Сырым аудандық демалыс орталығы теңгеріміндегі Алаш музейі күні бүгінге дейін тоқпен жылытылып келді. Электр қуатымен жылыту біріншіден, сымдары ескіріп, үзілуге айналған тарихи ғимарат үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды, екіншіден қазынаның қаржысын үнемдеуге кесірін тигізді. Бұл мәселе шешімін тапты.

009FFD21-9B33-468E-9259-DBB751AD9E97

Қосымша жылыту ғимараты салынып, шкаф орнатылып,  жылыту жүйесі Алаш музейі көгілдір отынға қосылды. Құны 15,8 млн. теңге тұратын жобаның құрылысын "Стройорганизация Бакс" ЖШС жүргізді.

0D32536B-5D13-4075-A498-B319C336177E

Мердігер жүктелген жұмысты ай жарым уақытта аяқтады. Құрылыс жұмыстарын Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев бастаған мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдап алды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале