Әр шаңырақ үшін әкенің рөлі қашан да орасан зор. Осы орайда Теректің ауданына қарасты Шағатай мәдениет үйінің директоры Ж.Әубәкірованың ұйытқы болуымен «Әке – асқар тау» атты шара өтті.
- Әкелер кеңесін өткізудегі мақсат – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын айқындау. Сол сияқты бала үшін қауіпсіз ортаны құру және қолдау. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталды, - дейді өнер ордасының басшысы.
Кездесу кешіне көпке үлгілі әкелер қатысты. Тінін тарқатсақ, С.Мұқашев, С.Мүтиев, Ж.Ғабдушев, Б.Бегалиев сынды ел ағалары қоғамдағы әкенің рөлі хақында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ өмірлік ұстанымдарымен бірге тәжірибелерімен бөлісті.
Кеште А.Харисова «Әке» өлеңің оқыса, ал А.Ибатова «Әке туралы жыр» әнін шырқалды.
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz