5.03.2021, 17:53
Оқылды: 20

 Әлемнің жарығын сыйлағандар

Мейірімділіктің нышанындай болған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні әдеміліктің, ізгіліктің және жылылықтың мерекесі. Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.

IMG_2297

Ауданымыздағы аяулы жандарды, мақтанышымыз бола білген аналарымызды, барша әйел азаматшаларды аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов мерекемен құттықтап, мерекелік марапаттарды табыстады.

IMG_2266

Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ардагері" медалімен Г.Жармуханбетова, аталмыш министрліктің "Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі" медалімен Л.Сохатова, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының "Еңбек даңқы" төсбелгісімен Ж.Дюсенбаева марапатталса, ауданымыздың бірқатар нәзік жандылары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

IMG_2328

Шараны аудандық демалыс орталығының көркемөнерпаздары әсем әуенмен, бимен әрледі.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале